19.06.2012, 17:25 2675

ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Токиода бірнеше келіссөздер жүргізді - баспасөз баяны

Үстіміздегі жылғы 11-15 маусым аралығында ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті - Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның іскер комитетінің төрағасы Сабр Есімбековтың Жапонияға сапары өтті.

ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабр Есімбеков Токио қаласында бірнеше екіжақты келіссөздер өткізді.

Үстіміздегі жылғы 11-15 маусым аралығында ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті - Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның іскер комитетінің төрағасы Сабр Есімбековтың Жапонияға сапары өтті.

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Сапар аясында Жапонияның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Тадаши Окамура, Экономика, сауда және индустрия министрлігінің Сауданы дамыту бюросының бас директоры Мотоюки Сасаки, "Кэйданрэн" ірі бизнес федерациясы мен "РОТОБО" экономикалық ұйымдары және корпорациялар басшыларымен кездесулері өткізілді. Олардың барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы үкіметаралық комиссия шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрі Юкио Эданоның ү.ж. мамырда Астанаға сапары барысында қол қойылған ҚР мен Жапония арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі "Жол картасына" кірген жобаларды іске асыру бойынша тараптар пікір алмасты.

Жалпы Жапонияда өткен кездесулер нәтижелері бойынша тараптар сауда-өнеркәсіп палаталары мен экономикалық ұйымдары арасында ынтымақтастықты барынша жандандыруға және Қазақстан мен Жапония арасындағы кіші және орта бизнес өкілдерінің арасындағы байланыстарды дамыту үшін бірлескен семинарлар өткізіп тұруға қол жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны