16.02.2015, 17:54 4774

ҚР СІМ басшысы: "Біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш ету мүмкіндігіне қуаныштымыз"

Ү.ж. 15 ақпанда Алматыда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық олимпиадалық комитеттіӊ кездесу өткізіп, брифингке қатысты. Оныӊ барысында Қазақстанныӊ 2022 жылы Алматы қаласында қысқы олимпиаданы өткізуге тапсырысы қарастырылды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ү.ж. 15 ақпанда Алматыда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық олимпиадалық комитеттіӊ кездесу өткізіп, брифингке қатысты. Оныӊ барысында Қазақстанныӊ 2022 жылы Алматы қаласында қысқы олимпиаданы өткізуге тапсырысы қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР СІМ басшысы Қазақстан қысқы олимпиада ойындарын өткізуге өз кандидатурасын ұсынып, аталмыш конкурсқа қатысқанын мақтан тұтады деп атап өтті. "Біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш ету мүмкіндігіне қуаныштымыз", - деді ол, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Е.Ыдырысов атап өткендей, Алматы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге таптырмас жер болып табылады. "Алматыныӊ еӊ басты артықшылығы, ол оныӊ географиялық орналасуы. Батыс және шығыс өркениеттерініӊ қиылысу нүктесінде орналасқан Алматы - Ұлы Жібек Жолыныӊ қазынасы, маӊызды бөлігі болған",- деп ерекше айтып өтті.

Сонымен қатар, ол аталған олимпиаданы өткізу орыны ретінде Алматыны таӊдаудыӊ артықшылығына бірқатар деректер мен дәлеледер келтірді. "2011 жылы өткен Азиялық Қысқы ойындар Алматы осы тәрізді ойындарға нағыз қысқы, керемет жағдайлар жасай алатыныныӊ айқын көрінісі болды. Алматыда керемет қысқы спорт мұрасы бар - мұнда көптеген әлемдік рекордттар қойылды, ал Медео мұз алаӊы бүкіл әлемге танымал".

"Олимпиада ойындары өткізілетін орын ретінде Алматы таӊдалған жағдайда, қамтитын территория бойынша алматылық олимпиада соӊғы үш онжылдықта еӊ ықшамды болады. Бұл жерде қажет инфрақұрылымныӊ көп бөлігі дайын. 14 қажет объектілердіӊ 8-і салынып, пайдалануға берілген, тағы үшеуі 2017 жылғы Универсиадаға орай салынатын болады. Тағы қосымша 3 объект салу қажет. Осылайша, Алматыдағы олимпиада соӊғы онжылдықтарда еӊ аз шығынды болуы мүмкін. Бұл, сонымен қатар, қала үшін және жалпы Қазақстан үшін мол инвестициялар тартады", - деді ол.

"Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу барлық қазақстандықтар және болашақ ұрпағымыз үшін мақтан тұтарлық оқиғаға айналады. Бұл еліміздегі спорттыӊ қыстық түрлерініӊ дамуына зор екпін береді. Бұл, сонымен қатар, кеӊестік тарихы бар, 30 еӊ дамыған елдер қатарына кіруді көздеген еліміздіӊ жетістіктерін, экономикалық және саяси табыстарын дүние жүзіне көрсету мүмкіндігі болып табылады", - деп атап өтті ол.

Сыртқы саяси мекеме басшысыныӊ сөзіне қарағанда, олимпиадаға орай салынатын объектілер одан әрі халыққа қызмет етеді, ал бұл болса, Халықаралық олимпиада комитетініӊ төрт жылда бір рет болатын спорт жарыстарыныӊ өткізу орнын таӊдауына әсер ететін маӊызды белгі.

Брифинг барысында Е. Ыдырысов ХОК делегациясыныӊ Алматы ұсынысына қоғамдық қолдаудыӊ көрсетілуі, еліміздіӊ әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму болашағы туралы көптеген сұрақтарына егжей-тегдейлі жауап берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны