11.04.2008, 13:54 2837

ҚР статистика жөніндегі агенттігі кәсіпкерлерге есеп беру бойынша ауыртпалықты төмендетпекші

ҚР статистика жөніндегі агенттігі кәсіпкерлерге есеп беру бойынша ауыртпалықты төмендетпекші

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР статистика жөніндегі агенттігі кәсіпкерлерге есеп беру бойынша ауыртпалықты төмендетпекші. Бұл туралы бүгін Қазақстан бухгалтерлерінің бірінші республикалық форумы барысында осы агенттік төрағасының орынбасары Жасұлан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Респонденттерге түсетін ауыртпалықты, соның ішінде статистикалық есеп беру түрлерін оңтайландыру, алғашқы мәліметтерді жинау мен сапасын қадағалады автоматтандыру, біздің агенттік пен басқа мемлекеттік органдардың статистикалық және әкімшілік ақпараттық жүйелерін интеграциялау шараларының кешенін жүзеге асыру талап етілуде", - деді Ж. Омаров.

Оның нақтылауынша, агенттік 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын жасады, оның бір бағыты "статистикалық мәлімететрді берушілер мен оны тұтынушылар арасындағы ықпалдастық жүйесін дамытуға саяды".

"Қазір агенттікте сұрақ қағаздарының мазмұнын өзгерту мен модернизациялау жұмыстары жүргізілуде, есеп беру түрлерін модернизациялау сұралатын көрсеткіштердің қайталауына жол бермеуге, нормативтік инструкцияларды жасайтын ауқымды таблицалар мен басы артық сауалдарды болдырмауға, сондай-ақ, есеп беру түрлерін стандарттауға саяды", - деді төраға орынбасары.

Оның пікірінше, бұл Респонденттерге түсетін ауыртпалықты азайтуға, статистикалық есепті қабылдау жүйесін "бер терезе" қағидасы бойынша аумақтық органдарда дамытуға және алғашқы мәліметтерді жинау мен сапасын қадағалау процессін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ж. Омаровтың еске салғанындай, қазір кәсіпкерлікпен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалар статистика органдарына есеп тапсырады, осы орайда "статистика органдары мен респонденттер арасындағы ықпалдастықта бірқатар мәселелер мен проблемалар туындайды". "Хронометраж мәліметінше, бір респондентке түсетін орташа ауыртпалық мекемелік есепті қоспағанда 100 есеп немесе сұрақ қағазынан тұрады. Осы формаларды толтыруға жұмсалатын таза уақыт шағын кәсіпорындар бойынша жылына орта есеппен 2 адам -күннен ірі кәсіпорындар бойынша 29 адам -күнге дейін жетеді. Ал егер мекемелік есеп бойынша ауыртпалықты есептегенде, бұл көрсеткіш тіптен жоғары болмақ", -деді агенттік өкілі.

Сонымен бірге, оның айтуынша, жалпымемлекеттік және мекемелік статистикалық есеп түрлері "өзара әлсіз келісілгендіктен, ақпаратты жинаудың қайталануына, жиналатын мәліметтердің сапасыздығына, респонденттерде тексерілген есептерді тапсыруға мотивацияның болмауына және бақылауды жүзеге асырған кезде респонденттермен тікелей байланысқа шығу қажеттігіне алып келеді".

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақовтың нақтылауынша, Қазақстанда бүгінгі жағдаймен кәсіпкерлік және өндіріс саласында қызмет ететін салық төлеуші заңды және жеке тұлғалардың саны 700 мыңнан асып, 2002 жылмен салыстрғанда 1,8 есе өсті. "Мемлекеттік бюджетке олардан түсетін түсім тағы осы жылмен салыстырғанда 3 есе өсті", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны