06.04.2015, 14:59 4167

ҚР Су ресурстары комитеті қажет етілген суарылмайтын 600 мыӊ гектар алқапты және 450 мыӊ гектардан астам көлдете суарылатын жерлерді суару үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын реконструкциялау жұмысын жүргізіп жатыр.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Икімдіктермен бірлесіп әлдеқашан толық түгендеу, жерлердіӊ жарамдылығын бағалау (ақаулығын анықтау) және құрылыстардыӊ бөліктерін қалпына келтіру үшін алдын ала есептер жүргізілді. 2015 жылы Алматы облысыныӊ Көксу ауданында және Жамбыл облысыныӊ Жамбыл ауданында жалпы ауданы 27,3 мыӊ гектар алқапта суармалау жүйелері реконструкцияланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жыл сайын Алматы және Қызылорда облыстары су ресурстары тапшылығын бастан кешіреді, бұл ахуал су тапшылығы жылдары ерекше сезіледі. Бұл проблеманы шешу үшін Комитет 2 текше километрден астам су ресурстарын үнемдеу жөнінде бірегей ұсыныстарды іске асыруға кірісті. Осы уақытта Сырдария өзенінде бір бөгет іске қосылды, екінші бөгеттіӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Іле өзенінде ұқсас құрылыстар салу жоспарланып отыр.

Бюджет қаражаты тапшылығын ескеріп, ҚР АШМ СРК халықаралық қаржы институттары И Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі, Европа Қайта құру және Даму банкі инвестицияларын тарту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жаӊа тариф саясаты әзірленіп жатыр, бұл ретте белгіленген тариф деӊгейі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру шығындарыныӊ орнын толтыруға мүмкіндік беретін болады.

Қазақстанныӊ су ресурстарын басқару мемлекеттік Бағдарламасымен 5 мақсатты индикатор белгіленгенін, олардыӊ бірі И қосымша жер беті су ресурстарын 2020 жылға дейін 0,6 км3 өсіру екенін ескертеміз.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны