24.10.2007, 16:39 3529

ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Қазақстандағы қуат көздерінің тарифтерін бір жылға белгілеуді ұсынады

ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Қазақстандағы қуат көздерінің тарифтерін бір жылға белгілеуді ұсынады.

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қазақстандағы қуат көздерінің тарифтерін бір жылға белгілеуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі алқасының кеңейтілген отырысы барысында мекеме басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан үшін газ, электр қуаты, мазут, көмір сияқты стратегиялық тауар бағасы жылына бірнеше рет өзгереді. Халық та, өнеркәсіп те жаңа бағалар туралы бейхабар қалады",- деп атап монополияға қарсы мекеме басшысы. "Бұл жағдайды реттейтін кез келді деп ойлаймын",- деп атап көрсетті ол.

"Аталмыш стратегиялық тауарлардың бағасын жылына бір реттен артық өзгертпеу туралы ереже бекіту керек шығар. Мысалы халыққа алдын ала жария ете отырып, 1-қаңтардан бастап",- деген ұсыныс жасады Б. Сағынтаев.

Ол сонымен қатар, "баға көлемі туралы емес, процестің өзін реттеу туралы сөз болып отырғандығын" айтты. "Нақты баға қойыңыздар, алдын -ала баршасына хабарлаңыздар, бірақ тарифтер бір жылға жарамды болуға тиіс", деді ол.

Сонымен қатар, монополияға қарсы мекеме басшысы Жамбыл ГРЭС өндіретін қуат бағасын реттеу мүмкіндігі туындау үшін оны доминант компаниялар реестріне қосуды ұсынды. "Жамбыл ГРЭС нарықтағы үлесін, оның бағасының басқа да қуат көздерінің бағаларына әсер ететіндігін, Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы электр қуатының тапшылығын ескере отырып, аталмыш ГРЭС-ті доминант ретінде ресстрге қосу мақсатында Бәскелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл ГРЭС нарықтағы алатын нақты үлесін анықтау үшін кешенді талдау жүргізу қажет деп санаймыз",- деді Б. Сағынтаев. "Бүгінде Жамбыл ГРЭС доминант болып табылмайды және өз бағасын өзі белгілейді",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны