01.09.2011, 13:38 4584

ҚР тамыз айында инфляция 0,3 пайызд құрады

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 0,1%-ға төмендеді, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттаған.

Алматы. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР тамыз айында инфляция 0,3 пайызд құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агеттігінің ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 0,1%-ға төмендеді, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен айда жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы 6%-ға, ал жаңа жиналған көкөністер - 10,1%-ға, картоп - 9,1%-ға, жемістер - 1,4%-ға арзандады. Шикі сүттің баға деңгейі 0,8%-ға, жаңа ауланған балық - 0,4%-ға, қант - 0,3%-ға төмендеді. Жұмыртқа бағасы 2,6%-ға, ет және құс еті - 1,9%-ға, жарма - 0,9%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,7%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 0,5%-ға, алкогольсіз сусындар - 0,4%-ға, макарон өнімдері - 0,3%-ға қымбаттаған.

Баға кеңсе тауарларына 3%, оқушылардың ранеці, рюкзагына - 2,9%, цементке - 1,5%, киім және аяқ киімге - 0,3%, фармацевтика өнімдеріне - 0,2%-ға өсті. Бензин 3,1%, дизель отыны - 4%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі жолаушылардың көлігі қызметтеріне 2,3%, денсаулық сақтауға - 0,5%, білім беру мен мәдениетке - 0,2% жоғарылады.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында төлем қоқыс жинауға 1,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 0,7%, кәрізге, ыстық су мен орталықтан жылытуға - 0,2%-дан, суық суға - 0,1%-ға өсті.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2011 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 38,8%, азық-түлік емес тауарлар - 31,4%, ақылы қызметтер - 29,8%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны