12.10.2007, 18:18 3021

ҚР транзиттік тасымалдаудан түскен пайда жылына 500 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды - Көлік және коммуникация министрлігі

ҚР транзиттік тасымалдаудан түскен пайда жылына 500 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР транзиттік тасымалдаудан түскен пайда жылына 500 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов бүгін "Қазақстан -2030": алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Министр бүгін Астанада өтіп жатқан халықаралық конференция аясындағы "Инфрақұрылым, транспорт және байланыс" атты отырыста сөз сөйледі.

С. Ахметов атап өткендей, өткен 10 жылда теміржол саласын қайта құрылымдаудың негізгі кезеңі өтті. Теміржол магистралдық желісінің тармақтары жетілдіріле отырып, жаңа темір жолдар салынды.

Министрдің айтуынша, "Астана-Бурабай" бағытындағы Қазақстандағы бірінші 6 қатарлы жоғары жылдамдықпен жүруге мүмкіндік беретін автобанды салу аяқталып қалған. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автотранспорттық транзиттік дәліздің жобасы жүзеге асырыла бастады.

"Жыл сайын әуе қатынасының аясы кеңеюде. Жаңа халықаралық және аймақтық әуе рейстері ашылып, ұлттық әуе тасымалдаушылардың жазғы паркін жаңарту жылғастырылып, авиациялық қызмет көрсету сапасы артып келеді. Жақын күндерде аталмыш сала еуропалық стандарттарға сай болады",- деп атап өтті министр.

Ол сондай-ақ "Ақтау" халықаралық сауда айлағын қайта құрудың нәтижесіне тоқталып өтті. Оның хабарлауынша, айлақты солтүстік бағытта кеңейтуге қатысты жұмыс басталған, ол оның қуаттылығын жылына 23 млн тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оның айтуыша, болашақта Баутино, Құрық сияқты жаңа айлақтарды дамыту жоспарлануда.

С. Ахметов жеке капиталдардың қатысумен құрылған транспорттық-логистикалық орталықтар желісін құрудағы жетістіктерді атап өтті. Соның айытуынша, "Алматыда қуаты жылына 60 мың контейнер өңдейтін заманауи транспорттық-логистикалық ортаық іске қосылды".

Министрдің айтуынша, 10 жылдан бері жүк тасымалының көлемі 2,8 есеге, жолаушылар тасымалы 3,6 есеге артқан, Ақтау айлағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 5 есеге өссе, соңғы төрт жылда теңіз көлігі арқылы мұнай тасымалдау көлемі 1,5 есеге өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны