ҚР ҰБ алтынвалюта резервтері жыл басынан бастап $2,7 млрд. өсті
Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Ұлттық Банк "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасындағы өлшемдерді қолдайды. Осындай ұстанымды ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарыныӊ алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.
"Ағымдағы жағдайда макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудіӊ негізгі факторы Ұлттық Банктіӊ ақша-кредит саясатын және Үкіметтіӊ фискалдық саясатын үйлестіру болып табылады", - деді Ұлттық Банктіӊ басшысы. "Сондықтан таяу жылдарға арналған макроэкономикалық өлшемдер бірлесіп пысықталып, Ұлттық Банк тарапынан қолдау тапты", - деп толықтырды.
ҚР-дағы инфляция деӊгейі жылдыӊ басынан бастап 6,2%-ды құрады, деді Д.Ақышев.
2016 жылғы қазанныӊ қорытындылары бойынша инфляция 0,6%, ал жылдыӊ басынан бастап 6,2% деӊгейінде қалыптасты, бұл дағдарысқа дейінгі кезеӊніӊ көпжылдық мәндеріне сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заӊ жобасыныӊ таныстырылымында сөйлеген сөзінде депутаттарға Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. "Ұлттық Банк жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарға алдағы 3-4 айда жетуді мүмкін деп санайды", - деп мәлімдеді Ұлттық Банктіӊ басшысы.
Д. Ақышев "Ұлттық Банктіӊ негізгі басымдығы жылдық инфляцияны белгіленген дәлізде 8% шегінде жедел тұрақтандыру болып табылатынын" еске салып, "онсыз инвестициялық белсенділікті қайта бастау және ұлттық валютадағы ресурстар бойынша мөлшерлемелерді төмендету мүмкін емес" екенін атап өтті. "Жылдық инфляцияны 8% деӊгейге дейін төмендету ішкі бағалардыӊ айырбастау бағамыныӊ жаӊа өлшемдеріне бейімделу процесініӊ аяқталғанын білдіреді", - деп қорытындылады ол.
Базалық мөлшерлемеге қатысты кейінгі шаралар іс жүзіндегі және болжамдық инфляция жолына байланысты болады, деді Д.Ақышев.
Базалық мөлшерлемеге қатысты кейінгі шаралар іс жүзіндегі және болжамдық инфляция жолына, сондай-ақ халық пен нарықтыӊ валюталық басымдықтарына байланысты болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде сөз сөйлеу кезінде ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Қаржы реттеушісі басшысыныӊ айтуынша, "Ұлттық Банк жұмысыныӊ негізгі басымдығы ақша нарығындағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыруға бағытталған, бұл экономикадағы ақшаныӊ объективтік бағасын айқындауға мүмкіндік береді". Онсыз "банктердіӊ нарықтық талаптармен нақты секторды кредиттеуі мүмкін емес".
Қазақстан Республикасында 9 айда ақша массасы 11,5%-ға ұлғайды, деді Д.Ақышев. Қазақстан Республикасында 9 айда ақша массасы 11,5%-ға немесе 2 трлн. теӊгеге (19,2 трлн. теӊгеге дейін) ұлғайды. Бұл деректерді Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде сөз сөйлеу кезінде атап көрсетті. "Экономикада ақша ұсынысы, еӊ алдымен теӊге бөлігі есебінен артуда. Теӊге тапшылығы байқалмайды", - деді Д.Ақышев. Оныӊ айтуынша ақша нарығында теӊгемен өтімділіктіӊ құрылымдық профициті сақталып отыр: "Ұлттық Банк сұранысқа ие теӊгемен құралдар шығаруда және олардыӊ негізінде кірістілік қисығы қалыптасады. Бұл теӊгемен ресурстардыӊ әділ бағасын айқындауға мүмкіндік береді, бұл теӊгемен кредиттеуді қайта бастау үшін қажетті талап болып табылады".
Соӊғы екі айда валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ 2016 жылғы қыркүйекте және қазанда Ұлттық Банк валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ, тиісінше біздіӊ қатысу үлесіміз 0% болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде сөйлеген сөзінде хабарлады. "Ұлттық Банк сыртқы және ішкі факторлардыӊ ықпалымен қалыптасып отырған іргелі үрдіске кедергі келтірмейді. Қазіргі уақытта нарықта теӊге бағамыныӊ шамалы күн сайынғы ауытқулары байқалып отыр. Қазақстанныӊ ұлттық валютасыныӊ бағамы қазіргі кезде жағымды серпін көрсетіп отырған іргелі факторлардыӊ әсерінен ғана қалыптасады", - деп мәлімдеді Ұлттық Банк басшысы. Д. Ақышев Қазақстанныӊ ішкі валюта нарығындағы ахуалдыӊ тұрақты екендігін атап өтті. 2016 жылғы қазанныӊ соӊында теӊгеніӊ биржалық бағамы жыл басынан бері 1,4%-ға нығая отырып, бір АҚШ доллары үшін 335,12 теӊге болды.
ҚР ҰБ алтынвалюта резервтері жыл басынан бастап $2,7 млрд. өсті, деді Д. Ақышев.
Ұлттық Банктіӊ халықаралық резервтері (Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы активтерін есептемегенде) 2016 жылғы қазанныӊ соӊында 690,0 млн. АҚШ долларына немесе 2,2%-ға төмендей отырып, 30,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде сөз сөйлеген кезде Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Оныӊ айтуынша, Ұлттық Банктіӊ халықаралық резервтері банктердіӊ шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардыӊ төмендеуі, банктермен валюталық-пайыздықсвоп операцияларын өтеу, Үкіметтіӊ сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізу, сондай-ақ алтын бағасыныӊ бір айда 4%-ға төмендеуініӊ нәтижесінде алтындағы активтерді қайта бағалау есебінен азайды. Ағымдағы жылғы қыркүйектегідей 2016 жылғы қазанда Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ (Ұлттық Банктіӊ қатысу көлемі нөлге теӊ). Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы активтері бір айда 3,6%-ға төмендеп (оныӊ ішінде валюталық биржада 544,3 млн. АҚШ доллары сомасына конвертациялау операцияларын жүргізу есебінен), жедел деректер бойынша 62,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Елдіӊ халықаралық резервтері 3,1%-ға төмендеп, 92,8 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдыӊ басынан бері Ұлттық Банктіӊ халықаралық резервтері 2,7 млрд. АҚШ долларына немесе 9,6%-ға ұлғайды, Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы активтері 1,3 млрд. АҚШ долларына немесе 2,0%-ға төмендеді, тұтастай алғанда елдіӊ халықаралық резервтері 1,4 млрд. АҚШ долларына немесе 1,5%-ға өсті, - деп атап өтті Д. Ақышев.
Қазақстанда теӊгемен салымдардыӊ үдемелі өсімі байқалуда, деді Д. Ақышев.
Қазақстанда теӊгемен активтерге және депозиттердіӊ долларлануыныӊ төмендеуіне деген сенімніӊ қалпына келуініӊ жағымды үрдістері байқалды. "Халықтыӊ және кәсіпорындардыӊ валютаға басымдық беруі өзгеруде, теӊгемен салымдардыӊ үдемелі өсуі байқалуда", - деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев. Д. Ақышев өз сөзініӊ растамасы ретінде мынадай деректер келтірді: "қыркүйектіӊ қорытындысы бойынша шетел валютасындағы депозиттер үлесі 2016 жылғы қаӊтардан бастап 70%-дан 58,3%-ға дейін, оныӊ ішінде халықтікі 80%-дан 66,6%-ға дейін, заӊды тұлғалардікі 62%-дан 52,5%-ға дейін төмендеді". Бұған көбіне Ұлттық Банктіӊ теӊгемен құралдар тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары ықпал етті (жеке тұлғалардыӊ ұлттық валютадағы депозиттері бойынша еӊ жоғарғы мөлшерлемелер 2016 жылғы ақпанда 10%-дан 14%-ға дейін көтерілді және шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер 3%-дан 2%-ға дейін төмендетілді), деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.
2016 жылғы 9 айда ҚР-да берілген кредиттер көлемі І 525 млрд. теӊгеге ұлғайды, деді Д. Ақышев.
"Банктердіӊ экономикаға кредиттерініӊ қалдығы ағымдағы жылы өзгерген жоқ - 12,7 трлн. теӊге. Алайда, берілген кредиттер көлемі 2016 жылғы 9 айда 525 млрд. теӊгеге ұлғайып, 7,2 трлн. теӊге болды. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары алдында сөз сөйлегенде хабарлады. Ұлттық Банктіӊ басшысы сондай-ақ теӊгемен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесініӊ қаӊтардағы 23,7%-дан қыркүйекте 16,3%-ға дейін төмендеуін атап өтті. "Шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандыру және баспананыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мұндай қарыздар бойынша меншікті капиталдыӊ жеткіліктілігіне талаптар төмендетілді. Цифрлар бұл шаралардыӊ белгілі бір әсері болғанын көрсетіп отыр. Мәселен, 2016 жылғы 9 айда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2,8 трлн. теӊгеге дейін 738 млрд. теӊгеге немесе 36%-ға ұлғайды", - деп қорытындылады Д. Ақышев.
ҚР-дағы жұмыс істемейтін қарыздар үлесі 2016 жылғы 1 қыркүйекте 8,4% болды, деді Д. Ақышев.
Тұтастай алғанда ҚР қаржы нарығындағы ахуал тұрақты болып қалып отыр. Жұмыс істемейтін қарыздар үлесі 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердіӊ жиынтық несие портфелініӊ 8,4%-ын (2016 жылғы 1 қаӊтарда - 8,0%) құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев, бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде хабарлады. "Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Ел экономикасында дағдарысты құбылыстардыӊ сақталуы жағдайында Ұлттық Банк қаржы нарығын реттеудіӊ қарсыциклдық сипатын ұстанып, банк секторыныӊ жағымсыз оқиғаларға орнықтылығын тұрақты түрде бағалайтын болады", - деп хабарлады Д. Ақышев.
Бүгін ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісінде "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заӊ жобасын таныстыру кезінде баяндама жасағанын естеріӊізге сала кетеміз.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.