28.01.2015, 09:44 3918

ҚР Үкіметі 2015 жылға арналған өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету жоспарын жасақтады

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ ұстанымын есепке ала отырып 2015 жылға арналған өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету жоспарын жасақтады

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ ұстанымын есепке ала отырып 2015 жылға арналған өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету жоспарын жасақтады, деп хабарлады ҰКП, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жоспарға енгізілген шаралардыӊ басым бөлігі қазақстандық кәсіпорындарға тікелей көмек көрсетуге бағаттылған, олар: теміржол мен электр энергия қызметініӊ тарифтерін төмендету немесе сақтап қалу, мемлекеттік келісім шарттар мен қаржыландыру ресурстары арқалы өндіріс көлемін сақтап қалу", - делінген ҰКП ІІ Съезі туралы хабарламада. Бұл туралы strategy2050.kz сайтында хабарланды

Сонымен қатар, ҰКП ұсынысымен аталмыш шаралар жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді: валюталық табысы жоқ кәсіпорындардыӊ валюталық қарызын конвертациялау, яғни ұлттық валютаға алмастыру; теміржол желісі қызметі үшін тарифтерді өзгерту, тапсырыспен қамтамасыз ету Орталығын мен "Индустриалды сертификат" институтын құру.

Бұдан басқа, Ұлттық палата отандық тауар өндірушілердіӊ мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардыӊ сатып алуына қатысуын кеӊейту және сатып алуға қатысу бойынша проблемаларды шешу үшін шаралар кешенін жасақтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны