22.02.2011, 13:30 3603

ҚР үкіметі азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеуде

ҚР үкіметі азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР үкіметі азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Экономикалық даму министрлігі Ауылшаруашылық министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесе отырып бірқатар ұсыныстар әзірлеуде, ол осы аптаның ішінде үкімет назарына ұсынылатын болады",- деді үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.

Оның айтуынша, дүниежүзінде азық-түлік өнімдері бағасының өсу үрдісі сақталуда. "Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша бүгінде азық-түлік өнімдері бағасының индексі өткен жылға қарағанда 29 пайызға артып отыр. Бұл 2008 жылғы маусымда болған ең жоғары деңгейден 3 пайызға ғана төмен",-деп атап өтті министр.

Ж. Айтжанованың пайымдауынша, инфляциялық қысымға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың күшеюін ескере отырып, мемлекеттік және жергілікті органдар ішкі нарықтағы бағалардың, ең алдымен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауары бағаларының тұрақты болуын қамтамасыз ететін түбегейлі шаралар қабылдауы қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны