25.02.2014, 20:26 8982

ҚР Үкіметі Doing Business рейтингі индикаторын жақсарту бойынша кешенді жоспарды мақұлдады

"Рейтинг аясындағы жұмыстың мақсаты бизнесте туындайтын кедергілерді жою болып табылады. Осыған орай, әрбір индикатор белгілі шараларды жүзеге асырумен бизнес-үрдістердің жақсаруына бағытталған. Кешенді жоспар құрамына 46 шара мен 11 индикатор енеді", - деді Б. Жәмішев.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Дүниежүзілік банктің 2014 жылға арналған Doing Business рейтингі индикаторын жақсарту бойынша кешенді жоспарды мақұлдады.

Тақырып бойынша өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндады.

"Рейтинг аясындағы жұмыстың мақсаты бизнесте туындайтын кедергілерді жою болып табылады. Осыған орай, әрбір индикатор белгілі шараларды жүзеге асырумен бизнес-үрдістердің жақсаруына бағытталған. Кешенді жоспар құрамына 46 шара мен 11 индикатор енеді", - деді Б. Жәмішев.

Оған қоса, 19 нормативтік-құқықтық акт құрылды, ол кешенді жоспарға өзгертулер енгізу рұқсаттығын қарастырады.

"Енгізілген өзгертулер үрдісті жеңілдетіп, кейбір жағдайда тіпті энергетикалық сферадағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық үрдістерді қысқартады", - деді Б. Жәмішев.

Айта кетейік, келелі кеңесте министрліктің қаржы-экономикалық блогының басшылары мен Қазақстандағы Дүниежүзілік банкінің өкілдері де сөз сөйледі.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Үкімет Кешендік жоспар жобасын мақұлдады.

"Үлкен жұмыс жасалды. Біз 5 кодекске, 3 заңға, 11 заңның қосымша актілеріне өзгертулер енгізетін боламыз. Сондықтанда, Дүниежүзілік банкінің бизнесті жүргізу бойынша жеңілдіктерді бағалауға уақыт аз қалғанын ескертемін. Осы ретте Кешенді жоспарды нақты жүзеге асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын", - деп ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны