14.02.2014, 19:40 6054

ҚР Үкіметі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қолдануда - С.Ахметов

Сондай-ақ ол әкімдерге тауар инвентаризациясын жүргізумен өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін барынша пайдалану тапсырылғанын басып айтты.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Үкіметі әкімдіктермен бірге валюта бағамын түзетуді халықтың әлеуметтік хал-жайына әсерін азайту және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі бойынша шаралар қолдануда, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.

"ҚР Үкіметі әкімдіктермен бірге валюта бағамының өзгеруі шарттарында халықтың әлеуметтік хал-жайына әсерін азайту және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі бойынша шаралар қолдануда. Азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет 2014 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітіледі", - деді С. Ахметов.

Сондай-ақ ол әкімдерге тауар инвентаризациясын жүргізумен өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін барынша пайдалану тапсырылғанын басып айтты.

Бұдан өзге, Премьер-Министрдің айтуынша, жанар-жағармай бағасы қатаң түрде реттелiп, оған бақылау жүргiзiледі.

"Осы аптада ұлттық валюта бағамына енгізілген түзету отандық тауарлар мен оны өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға оң ықпалын тигiзедi деп ойлаймыз", - деп атап өтті Серiк Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны