20.01.2015, 16:49 4177

ҚР Үкіметі отырысында кәсіпкерлік қызметке арналған шарттарды түбегейлі жақсарту мәселелері талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысын өткізді

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелері жөніндегі ҚР Заӊын орындау бойынша шаралар жайында баяндады, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ айтуынша, ү.ж. сәуіріне дейін мемлекеттік бақылаушы органдардағы тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудыӊ жаӊа әдістемесі әзірленіп, ол тәуекелдерді басқарудыӊ ведомстволық жүйелерін (ТБЖ) жасауға негіз болмақ.

Іс жүзінде кәсіпкерлерге қатысты 2015 жылдыӊ бірінші жарты жылдығында заӊды және жеке тұлғалардыӊ шағымдары мен хабарламалары бойынша жоспардан тыс тексеру өткізу ғана мүмкін. Екінші жарты жылдықтан бастап тексеруді жоспарлау толығымен ТБЖ негізінде және сол жасалған салаларда ғана, әлеуетті құқық бұзушыларға қатысты ғана қалыптастырылады.

Сондай-ақ, басым жобалар бойынша инвестициялық келісім жасаған инвесторлар үшін "бір терезе" принципі енгізіледі. Мемлекеттік органдар сондай-ақ "бір терезе" принципі бойынша құрылыстыӊ жобалық-сметалық құжатнамасыныӊ салалық сараптамасын алуды ұйымдастыру үшін заӊға сәйкес қажетті барлық нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қарастырады.

"Адами факторды болдырмау және жемқорлық тәуекелдерді азайту үшін мемлекеттік органдардыӊ бақылау-қадағалау қызметін кезеӊ-кезеӊмен автоматтандыру қажет болады. Осыған байланысты биылғы жылы Бас прокуратурамен бірге автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бақылаудыӊ барлық салаларын толық талдау жоспарланған", - деп атап өтті Е.Досаев.

Бұдан өзге, Ұлттық банкпен бірге тексерулерге балама ретінде кәсіпкерлік субъектілерініӊ жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін қарастыратын заӊ нормаларын орындау бойынша ұсыныстар жасалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны