30.06.2008, 10:29 3243

ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі

ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі. Бұл туралы сенбі күні Астанада үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысының түсіндіруінше, Алматы және Астана қалаларында орналасқан шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге "Қазына" қоры арқылы 50 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер 12,5 пайыздық мөлшерлемемен тағы 50 млрд теңге бөледі. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 2 млрд теңге, тағы әр облысқа республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.

"Осылайша, қосымша 56 млрд теңге өңірлердегі шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталады", - деп түсіндірді К. Мәсімов.

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға да арнайы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге 4 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны