22.08.2016, 10:53 3275

ҚР үкіметі және Иран Ислам Республикасы үкіметі арасында Каспий теӊізінде теӊіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда

Қазіргі кезде Инвестициялар және даму министрлігі келісім жобасын келісу бойынша мемлекетішілік процедураларын аяқтады және жоба дипломатиялық арналар бойынша ирандық тарапқа жөнелтетін болады.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы үкіметі және Иран Ислам Республикасы үкіметі арасында Каспий теӊізінде теӊіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлауда,- деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде Инвестициялар және даму министрлігі келісім жобасын келісу бойынша мемлекетішілік процедураларын аяқтады және жоба дипломатиялық арналар бойынша ирандық тарапқа жөнелтетін болады.

Осы халықаралық құжат Қазақстан және Иран порттары арасында теӊіз тасымалдауын дамыту үшін біріккен құқықтық алаӊын қалыптастырудыӊ негізі болады.

Бүгінгі күні Қазақстан және Иран арасында теӊіз жолдары бойынша жүк айналымыныӊ көлемі 2 млн. тоннаны құрайды және олардыӊ әрі қарай дамуына қажет барлық шарттар бар.

Атап айтқанда, 2014 жылғы желтоқсанда Түркменістан Үкіметімен Теӊіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою арқасында қазақстандық танкерлер Түрменбаши - Баку, Түркменбаши - Махачкала жолдарында сәтті жұмыс істеуде. 2016 жылғы 7 айыныӊ қорытындысы бойынша тасымалдау көлемі 700 мыӊ тоннаға жуықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны