18.01.2011, 14:03 4189

ҚР Ұлттық банк Азиадаға арналған 2000 теңгелік жаңа банкнот шығарды

ҚР ұлттық банкі айналымға 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған Т2000 номиналдағы жаңа ақша шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР ұлттық банкі айналымға 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған Т2000 номиналдағы жаңа ақша шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Банкнот айналымға дүйсенбі күні, 17-ші қаңтарда шығарылды. Банкноттың жалпы тиражы 20 млн дана.

Ақшаның көгілдір-жасыл түсі басым және оның негізінен артқы жағы өзгерген.

"Арт жағында: басым бейнелер - көлденең. Негізгі бейне: тау сілемдерінің фонында шаңғышы және 7-ші Азия ойындарының символикасы. Төменгі сол жағында банкнот номиналын айқындайтын цифр, төменгі жағындағы ортасында - орыс тіліндегі номинал жазуы. Жоғарғы жағындағы ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы мен банк-эмитенттің логотипі таңбаланған. ...Банкноттың бүкіл аумағында қазақтың ұлттық оюларының нақышы қолданылған", - делінген Ұлттық банк хабарында.

Банкноттың бетіне де бірнеше элементтер қосылған.

"Ортасында "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнот ортасында қара-көкшіл және көкшіл жолақтарда ақ түспен ҚР мемлекеттік әнұранының ноталарының фрагменті белгіленген де, оған ақшыл түспен номиналдың цифрлық таңбасының сұлбасы түсірілген. "Бәйтерек" монументінің сол жағында алтын түспен ҚР мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарыдағы оң жағында - ҚР мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан мен түрі өзгеріп тұратын қардың суреті бейнеленген. Төменгі сол жағында номинал мемлекеттік тілде жазылған", - делінген Ұлттық банк хабарында

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны