14.04.2009, 13:40 2826

ҚР Ұлттық банкі 2009 жылға арналған инфляциялық болжамды 9% дейін төмендетуі мүмкін

ҚР Ұлттық банкі 2009 жылға арналған инфляциялық болжамды 9% дейін төмендетуі мүмкін

Алматы. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі 2009 жылға арналған инфляциялық болжамды 9% дейін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз баға шұғыл көтерілмейді дедік, бұл - расталып отыр. Онымен тынбай, біз сәуір бойы бағаға қатысты ахуал ақпан мен наурыздағы сияқты болса, біз өз болжамымызды қайта қараймыз дедік. Өздеріңізге мәлім, біз оны 9-дан 11%-ға дейін көтердік. Енді біз болжамды тағы да 9% дейін төмендете аламыз. Бұл жалпы алғанда 2009 жылға арналған жылдық инфляциялық болжам", - деді Г. Марченко.

"Ең басты атап өтерлігі - Қазақстанда, біріншіден, инфляция деңгейі төмендей түсті. Екіншіден, ол көршілес ТМД елдеріндегімен салыстырғанда біршама төмен. Және үшіншіден, девальвациядан кейін бағаның күрт өсуі болған жоқ", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны