15.02.2013, 11:10 3199

ҚР Ұлттық банкі 2013 жылы инфляцияны 6-8% дәлізде ұстап тұруды жоспарлауда

"Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6-8% дәлізде ұстап тұру болып табылады", - делінген бүгін таратылған мәлімдемеде.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі "2013 жылға Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын" мақұлдады, осы құжат аясында жылдық инфляцияны 6-8% дәлізде ұстап тұру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6-8% дәлізде ұстап тұру болып табылады", - делінген бүгін таратылған мәлімдемеде.

Сонымен қатар, 2013 жылы өтімділікті (кепілдік қамтамасыз ету, пайыздық мөлшерлеме, ұсыну механизмі бөлімінде) ұсыну және алу бойынша тұрақты механизмдерге деген тәсілдерді өзгерту, жаңа құрал - құнды қағаздарды сатып алу және оны қайта сату бойынша аукцион енгізіледі.

"Жаңа механизм экономика долларландыруын төмендетуге, пайыздық мөлшерлеме құбылмалылығын, ақша нарығындағы алыпсатарлық бөлігін, сонымен бірге өтімділікті реттеу тиімділігі мен иілгіштігін арттыруға септігін тигізеді", - деді Ұлттық банкте.

Айта кету керек, Ұлттық банк Қаржы министрлігімен бірге ҚР құнды қағаздары нарығын нығайту бойынша жұмыстар жүргізуге мүдделі.

Сонымен қатар, 2013 жылы қайталама нарықта нарық қатысушыларынан оларды сатып алу арқылы МҚҚ жеке портфелін ұзақ мерзімді қалыптастыру, теңгені айырбастау курсының күрт өсуін басу мақсатында интервенция жүргізу жалғасады.

"2013 жылға Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының негізгі бағыттары" құжатының аясында 2013-2015 жылдарға экономика дамуының 3 сценариялық нұсқасы қарастырылған, олар 2013-2017 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамын қалыптастыру кезіндегі Үкімет бағалауымен сәйкестендіріліп және келісілген болып табылады. Сценариялық нұсқаларға бөлудің басты критерийі мұнайдың дүниежүзілік бағасының жылдық орташа деңгейі белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны