22.12.2015, 19:06 4146

ҚР Ұлттық банкі: 2015 жылғы қарашаныӊ соӊындағы жағдай бойынша депозиттер көлемі 6,3%-ға ұлғайды

2015 жылғы қарашаныӊ соӊындағы жағдай бойынша резиденттердіӊ депозиттік ұйымдардағы депозиттерініӊ көлемі бір айда 6,3%-ға ұлғайып, 15 494,2 млрд. теӊге болды (жыл басынан бастап 32,5%-ға өсу). Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қарашаныӊ соӊындағы жағдай бойынша резиденттердіӊ депозиттік ұйымдардағы депозиттерініӊ көлемі бір айда 6,3%-ға ұлғайып, 15 494,2 млрд. теӊге болды (жыл басынан бастап 32,5%-ға өсу). Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен, заӊды тұлғалардыӊ депозиттері бір айда 5,7%-ға 9 244,0 млрд. теӊгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 26,7%-ға өсу), жеке тұлғалардікі 7,2%-ға 6 250,2 млрд. теӊгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 42,1%-ға өсу), деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық банкініӊ хабарлауынша, 2015 жылғы қарашада ұлттық валютадағы депозиттердіӊ көлемі бір айда 1,5%-ға 5 044,3 млрд. теӊгеге дейін ұлғайды (заӊды тұлғалардікі - 1,4%-ға өсу, жеке тұлғалардікі -2,0%-ға өсу), шетел валютасында екі сегмент үшін 8,8%-ға 10 449,9 млрд. теӊгеге дейін өсті. Теӊгемен депозиттердіӊ үлес салмағы 32,6%-ды құрады.

Бұдан басқа, мерзімді депозиттер 2015 жылғы қарашаныӊ соӊында бір айдыӊ ішінде 6,6%-ға ұлғая отырып, 10 992,8 млрд. теӊгені құрады. Мерзімді депозиттер құрамында ұлттық валютадағы салымдар 3 221,8 млрд. теӊгені (бір айда 6,3%-ға өсу), шетел валютасындағы салымдар 7 771,1 млрд. теӊгені (бір айда 6,8%-ға өсу) құрады.

2015 жылғы қарашада банктік емес заӊды тұлғалардыӊ ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,3%-ды (2015 жылғы қазанда 13,4%), жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша 8,5%-ды (8,6%) құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны