17.09.2015, 21:11 4603

ҚР Ұлттық Банкі 270,4 млн. АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан қор биржасыныӊ сауда-саттығында 270,4 млн. АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді. Бұл туралы банктіӊ баспасөз қызметі хабарлады

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан қор биржасыныӊ сауда-саттығында 270,4 млн. АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді. Бұл туралы банктіӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кету керек, кеше ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазақстанда валюта нарығына қатысушылардыӊ алыпсатарлық операцияларыныӊ салдарынан теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ құбылмалылығы өсе түсуде. Ал оныӊ бұлайша құбылуына негіз болатындай іргелі макроэкономикалық факторлар объективті және елеулі тұрғыда өзгеріп жатқан жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылдыӊ 16-шы қыркүйегінен бастап, ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Осылайша, ҚР Ұлттық Банкініӊ валюталық өктемдігініӊ көлемі 2015 жылдыӊ 16-шы қыркүйегінде 144 млн. АҚШ долларын құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны