12.02.2016, 17:24 3355

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгерту шешімін наурызда жариялайды

Базалық мөлшерлемені өзгерту бойынша кезекті шешім 2016 жылдыӊ наурызында жарияланады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Данияр Ақышев интернет-конференция барысында мәлімдеді

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Базалық мөлшерлемені өзгерту бойынша кезекті шешім 2016 жылдыӊ наурызында жарияланады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Данияр Ақышев интернет-конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық банк басшысы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлеме 17 пайыз деӊгейінде белгіленгенін еске салып өтті. Оныӊ айтуынша, бұл көрсеткіш қаржы нарығындағы қазіргі ахуалға сәйкес келеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімді Ұлттық банк сыртқы экономикалық параметрлерге, еліміздіӊ макроэкономикалық жағдайы мен қаржы және валюталық нарықтардағы жағдайға талдау жасай отырып қабылдайды. Ұлттық банк аталған факторларды ескере отырып орта мерзімді кезеӊдегі инфляцияныӊ мақсатты бағдарына жетуге мүмкіндік беретін базалық мөлшерлемені анықтайтын болады", - деп толықтырды Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысы қаржы нарығы мөлшерлемелерініӊ жоғары және төменгі ауытқу шегін қалыптастыратын өтімділікті беру жөніндегі операциялар мөлшерлемесі сәйкесінше 19% және 15% деӊгейінде белгіленгенін атап өтті.

"Ұлттық банктіӊ қаржы нарығына қатысуы банктердіӊ ұлттық валютадағы қысқа мерзімді өтімділігін толық көлемде қамтамасыз етуге бағытталған", - деп түйіндеді Данияр Ақышев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны