26.06.2008, 10:17 1354

ҚР Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгертті

ҚР Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгертті

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгертті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу мақсатында Ұлттық банктің басқармасы резервтік талаптардың нормативтерін өзгерткен. Атап айтқанда, қазіргі ішкі міндеттемелер бойынша 6% және басқа да міндеттемелер бойынша 8% көлеміндегі нормативтердің орынына ішкі міндеттемелер бойынша 5% және басқа да міндеттемелер бойынша 7% көлеміндегі жаңа норматив енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны