08.07.2009, 15:56 3028

ҚР Ұлттық банкі инфляция мен Жалпы ішкі өнім бойынша 2009 жылға арналған болжамдарды растады

ҚР Ұлттық банкі инфляция мен Жалпы ішкі өнім бойынша 2009 жылға арналған болжамдарды растады

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі инфляция мен Жалпы ішкі өнім бойынша 2009 жылға арналған болжамдарды растады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біздің болжам сақталады, тұтастай алғанда жыл бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 0 - 1% болмақ", - деді Г. Марченко.

"Ал инфляция бойынша біз 9% деген болжам айтқанбыз. Қазір оны азайту жағына қарай қайта қарауға түрткі болатын себептер бар. Бірақ біз тамыз айына дейін күте тұрамыз, сосын оны азайту жағына қайта қарастыра аламыз, ал әзірге ол 9% қалпында қалады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны