07.10.2008, 19:09 3048

ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның фаунасы" сериясы бойынша "Алексанор көбелегі" атты тиын шығарды

ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның фаунасы" сериясы бойынша "Алексанор көбелегі" атты тиын шығарды

Алматы. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның фаунасы" сериясы бойынша "Алексанор көбелегі" атты номиналы 500 теңгелік тиын шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, монетаның нысаны сопақша. Оның беткі жағында (аверсінде) ортада монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Номиналдың астында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде көбелектің стильдендірілген контурлы суреті және өсімдіктер композициясы бейнеленген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада үш Алексанор көбелегі - күңгірттеніп, алтындатылған және голографиямен бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "КӨБЕЛЕК" және латын тілінде "PAPILIO ALEXANOR" - түрдің атауы, төменгі бөлігінде өсімдіктер гүлдерінен композиция жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Монета 925 сынамды күмістен, массасы - 24 грамм, сопақша - 38,61 х 28,81 мм, "proof" сапасымен дайындалған, таралымы - 4 мың дана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны