07.01.2017, 14:52 4321

ҚР Ұлттық Банкі "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларыныӊ депозиттеріне кепілдікпен өтем төлеу тәртібін түсіндірді

"Қазинвестбанк" АҚ уақытша әкімшілігініӊ басшысы Джемма Зинуллина БАҚ өкілдеріне уақытша әкімшіліктіӊ негізгі міндеттері туралы айтып берді. Бұл уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейін таратылатын банктіӊ мүлкін және басқаруды қамтамасыз етеді.

Алматы. 7 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеше ҚР Ұлттық Банкінде Алматы қ. БАҚ үшін өткен брифинг барысында қаржы реттеушісініӊ, "Қазинвестбанк" АҚ уақытша әкімшілігініӊ, сондай-ақҚДКҚ-дыӊ өкілдері уақытша әкімшіліктіӊ функциялары мен міндеттері туралы түсіндірілді, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Спикерлер 2016 жылғы 26 желтоқсанда банкті банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырған күннен бастап "Қазинвестбанк" АҚ-қа уақытша әкімшіліктіӊ енгізілгендігін атап өтті.

"Қазинвестбанк" АҚ уақытша әкімшілігініӊ басшысы Джемма Зинуллина БАҚ өкілдеріне уақытша әкімшіліктіӊ негізгі міндеттері туралы айтып берді. Бұл уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейін таратылатын банктіӊ мүлкін және басқаруды қамтамасыз етеді.

"Тарату комиссиясын тағайындағаннан кейін уақытша әкімшіліктіӊ қызметі, әдеттегідей, тоқтатылады. Тарату комиссиясыныӊ төрағасына "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заӊында белгіленген мерзімде және тәртіппен мүлік және құжаттар (ұйымныӊ бухгалтерлік және өзге құжаттамасы, мөр, мөртабандар, материалдық құндылықтар және өзге мүлік) беріледі", -деді Д.Зинуллина.

Оныӊ айтуынша, уақытша әкімшілік банкке түскен, оныӊ ішінде бұрын берілген кредиттер бойынша қарыз алушылар қайтарған ақшаныӊ;қарыздар бойынша сыйақыны, өсімпұл мен айыппұлдарды және басқаларын қоса алғанда, бұрын жүргізілген мәмілелерден кірістердіӊ есептелуін бақылайды.

"Уақытша әкімшілік банктіӊ клиенттеріне банктіӊ сейф ұяшықтарында орналастырылған мүлікті қайтарады, қате нұсқаулар бойынша келіп түскен ақшаны қайтарады, банктіӊ мүлкі мен активтерін түгендеумен айналысады", -деп жалғастырды ол. Д. Зинуллина журналистердіӊ уақытша әкімшіліктіӊ банк салымшыларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға құқығы бола ма деген сұрақтарына да жауап берді. "Жоқ, бұл рәсімді тарату комиссиясы жүргізеді", - деп нақтылады ол.

Д. Зинуллинаныӊ айтуынша, уақытша әкімшіліктіӊ құрамына уәкілетті органныӊ және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымныӊ ("Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ) қызметкерлері кіреді. Бұл ретте уақытша әкімшіліктіӊ құрамын Ұлттық Банк ұйымда филиалдардыӊ және өкілдіктердіӊ болуына, сондай-ақ алда болатын жұмыстыӊ сипатына және көлеміне қарай айқындайды.

Сондай-ақ, Джемма Зинуллина "Қазинвестбанк" АҚ уақытша әкімшілігі қызметініӊ айқындылығы мақсатында, сондай-ақ "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларыныӊ шұғыл режімде ақпарат алуы мақсатында "жедел желілер" телефондарыныӊ: "Қазинвестбанк" АҚ +7(727) 330 00 77, ҚДКҚ +7 (727) 291 56 89 немесе 8 8000 80 10 20 (қоӊырау шалу тегін) ашылғанын атап көрсетті.

Барлық сұрақтар бойынша "Қазинвестбанк" АҚ +7 (727) 2619 060 (ішкі 5007) "жедел желі" телефоны, Ұлттық Банктіӊ Банктерді қадағалау департаментінде +7 (727) 270 48 93 телефоны, ҚР Ұлттық Банкініӊ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасында +7 (727) 278 80 84 телефоны немесе "ҚҰБ Online" мобильді қосымша арқылы өтініш жасай алады.

Сонымен бірге "Қазинвестбанк" АҚ салымшылары ҚРҰБ-ныӊ Алматы қаласы Ийтеке би көшесі, 67 үй мекенжайындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіне алады. Анықтама үшін телефон +7 (727) 261 92 13. Қоғамдық қабылдау бөлмесініӊ жұмыс істейтін уақыты: күн сайын сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін (сағ. 12:30 - 14:30 үзіліс). Алдын ала жазылу талап етілмейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны