23.12.2016, 20:55 4364

ҚР Ұлттық банкі мен Иран Ислам Республикасыныӊ Орталық банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Меморандум екі ел арасындағы өзара сауда есеп айырысуларын дамытудағы коммерциялық банк құралдарыныӊ және бастамалардыӊ басым сипатын бекітеді.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласында Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті Х. Руханидіӊ Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі мен Иран Ислам Республикасыныӊ Орталық Банкі арасындағы екіжақты сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды,- деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Меморандум екі ел арасындағы өзара сауда есеп айырысуларын дамытудағы коммерциялық банк құралдарыныӊ және бастамалардыӊ басым сипатын бекітеді.

Орталық банктер арасындағы одан әрі ынтымақтастық жасау көзделеді және Қазақстан мен Иранныӊ коммерциялық банктері арасындағы кредиттік желілер тетігін ілгерілетуге, өзара корреспонденттік қатынастарды орнатуға және дамытуға қолдау көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны