10.04.2009, 17:54 3107

ҚР Ұлттық банкі металл инвестициялық тиындарды шығаруды ұлғайтады - Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (толықтырылған)

ҚР Ұлттық банкі металл инвестициялық тиындарды шығаруды ұлғайтады - Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (толықтырылған)

Алматы. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі металл инвестициялық тиындарды шығаруды ұлғайтады. Бұл туралы бүгін Қазақстан президентінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің уағдаласқанымыздай, ҚР Ұлттық банкі металл инвестициялық тиындарды шығаруды ұлғайтады, олар халық арасында сатылады. Сонымен бірге алтын фьючерсі бойынша белсенді сауда-саттықтар жолға қойылады", - деді А. Арыстанов.

Ол еске салып өткендей, "қазір парламентте Қазақстан Республикасының резиденттері арасында алтын құймаларын саудалауға рұқсат беретін заң жобасы қаралуда, оған бұрын тыйым салынған болатын".

Сонымен бірге, Қазақстандағы алтын саудасы мен өндірісіне қатысты жағдайды талдай келе А. Арыстанов өз сөзінде қазір алтынды ҚҚС-ынан босату мәселесі шешіліп жатқанын атап өтті.

"Егер біз шешім қабылдап, алтынды ҚҚС-ынан босатсақ, біздіңше, Ресейдегі секілді алтынмен байланысты операциялар қарқын алмақ. Бұл әсіресе батыстың әлемдік валюталары тұрақсызданған жағдайда маңызды және инвестициялық тауар ретінде алтын құймаларды сатып алған кезде өз тәуекеліне хедж жасау мүмкіндігімен маңызды", - деді агенттік төрағасы.

Ол сонымен бірге мемлекет басшысы 2009 жылы халықтың инвестициялық сауатын көтеру бағдарламасын одан әрі жалғастыруды тапсырғанын хабарлады. "Президент әсіресе осындай дағдарыстық жағдайда халық жаппай өзінің қаржысын қалай басқаруы керектігін толық білуге тиіс екенін ерекше атап көрсетті. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жалғастыратын боламыз", - деді А. Арыстанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны