06.10.2008, 19:09 3208

ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік "Жаркент мешіті" атты күміс тиын шығарды

ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік "Жаркент мешіті" атты күміс тиын шығарды

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясы бойынша номиналы 500 теңгелік "Жаркент мешіті" атты күміс тиындарды шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиындар 2008 жылғы 1 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде "500 ТЕҢГЕ", "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Жаркент қаласының мешіті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ЖАРКЕНТ МЕШІТІ", орыс тілінде "ЖАРКЕНТСКАЯ МЕЧЕТЬ" деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған. Монета сынамы 925 күмістен дайындалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм., дайындау сапасы - "proof", таралымы - 4 мың дана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны