12.05.2009, 14:57 4507

ҚР Ұлттық банкі төлем балансы бойынша 2009 жылға жасалған болжамдарды растайды

ҚР Ұлттық банкі төлем балансы бойынша 2009 жылға жасалған болжамдарды растайды

Алматы. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі төлем балансы бойынша 2009 жылға жасалған болжамдарды растайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Акишев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Төлем балансы бойынша бірінші тоқсанда алған мәліметтерді ескере отырып, біз 2009 жылға жасалған төлем балансына қатысты болжамдарды сеніммен растаймыз", - деді Д. Акишев.

"Өздеріңіз білесіздер, 2009 жылғы жағдайдың өзгерісіне қатысты түрлі болжамдар айтылды, осыған сәйкес Ұлттық банк те, үкімет те екі түрлі басты болжам жасады: мұнайдың бағасы бір барреліне $25 болады деген нашар сценарий мен мұнайдың бағасы бір барреліне $40 болады деген болжам жасалды. Ал бір барреліне $40 болған жағдайға біз ағымдағы шоттың тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 4,5%-ынан аспайды деген болжам айтылған. Қазір біз осы сан орындалады деп сеніммен айта аламыз. Мұнайдың бағасы қазір жыл бойынша осы орташа бағадан асып отырғанын ескергенде, (қазір ол - $50 барреліне), ағымдағы шоттың тапшығы одан да төмен болатын секілді", - деді ол.

"Төлем балансына қатысты ахуалды ескере келе біз тікелей инвестициялардың нетто-ағымы біршама болады және ол ағымдағы операциялар бойынша тапшылықты қаржыландыркға мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламыз. Жалпы алғанда төлем баланасы балансқа таяу болады, яғни, ол азайған жағдайда да Жалпы ішкі өнімнің 2% шамасында болады", - деді Д. Акишев.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2009 жылғы 1-тоқсанда төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты 1 млрд. АҚШ долл. Астам тапшылықпен қалыптасты.

2009 жылғы қаңтар - наурызда 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарлар экспорты 8,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл ретте кедендік статистика деректері бойынша мұнай және газ конденсаты экспорты 5 млрд. АҚШ долл. азайды және 4,6 млрд. АҚШ долл. жуық құрады.

2009 жылғы 1-тоқсанда тауарлар импорты 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда сомасында 6,1 млрд. АҚШ долл. астам өсіп, 15,6% төмендеді. Импорттың қысқаруы негізгі номенклатураның барлық тауар топтары бойынша белгіленді. Бұл ретте неғұрлым айтарлықтай қысқару тұтыну тауарларының тобы бойынша болды, олардың жиынтық импорты 27,5%-ға азайды, оның ішінде азық-түлік өнімдерін әкелу 17,0%, ал азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын әкелу 33,0% қысқарды. Импорттың жалпы көлеміндегі үлесі 79,0%-дан асқан аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарлары мен инвестициялық тауарлардың импорты 2008 жылғы 1-тоқсандағымен салыстырғанда 12,4% азайды.

Нәтижесінде 2009 жылғы 1-тоқсанда сауда операцияларының оң сальдосы 2 млрд. АҚШ долл. астам құрады (2008 жылғы 1-тоқсанда - 8,6 млрд. АҚШ долл.).

Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың таза түсімі 2,5 млрд. АҚШ долл. асты. Қазақстандық резиденттердің шетелдік еншілес кәсіпорындарға

инвестицияларының нетто-әкетілуі 300 млн. АҚШ долл. жуық болды. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2,2 млрд. АҚШ долл. астам құрады (2008 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша - 1,8 млрд. АҚШ долл.).

2009 жылғы 1-тоқсанда банктердің сыртқы активтері 1 млрд. АҚШ долл. өсті, ал банк секторының сыртқы міндеттемелері 3,8 млрд. АҚШ долл. жуық азайды.

Портфельдік инвестициялармен операциялар бойынша капиталдың нетто-ағыны 4 млрд. АҚШ долл. құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны