15.06.2017, 14:24 3992

ҚР Ұлттық Банкініӊ басшысы Америка сауда палатасыныӊ өкілдерімен кездесті

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Д. Ақышев "Еліміздіӊ орталық банкі ретінде Ұлттық Банк жаһандық үрдістер мен сын-қатерлерді ескере отырып уақтылы шаралар қабылдау үшін ел ішіндегі ғана емес, одан тыс жерлердегі үрдістерді де мұқият қадағалап отыратынын" атап өтті.

Алматы. 15 маусым. Kazakhstan Today - Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышевтыӊ Америка сауда палатасыныӊ өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Д. Ақышев "Еліміздіӊ орталық банкі ретінде Ұлттық Банк жаһандық үрдістер мен сын-қатерлерді ескере отырып уақтылы шаралар қабылдау үшін ел ішіндегі ғана емес, одан тыс жерлердегі үрдістерді де мұқият қадағалап отыратынын" атап өтті.

"Қазақстан әлемдік қоғамдастықпен тығыз ықпалдасқан, экономикасы ашық ел болып табылады, -деді ол. -Соӊғы жылдары дамушы елдер нарықтары әлемдік экономикада айтарлықтай маӊызды рөл атқара бастады. Дамушы елдердіӊ әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 60%-ды құрайды, ал 10 жыл бұрын ол 49% болатын.Дамушы нарықтардыӊ әлемдік ІЖӨ-ніӊ өсуіне қосқан үлесі 2008 жылдан бері 80%-ды құрады және дамушы елдердіӊ ІЖӨ-ніӊ орташа өсуі дамыған елдердіӊ өсуінен үнемі асып отыр".

Д. Ақышев "өсудіӊ ұзақ кезеӊіне қарамастан, дамушы нарықтар әлі де өзгеру сатысында тұр және кейбір тәуекелдермен сипатталады" деп атап өтті. Оныӊ айтуынша, дамыған елдердіӊ, оныӊ ішінде монетарлық саладағы саясатыныӊ айқындаушы мәні бар. "АҚШ-тыӊ жаӊа саясаты әлемдік экономикаға негізгі үш арна арқылы ықпал етеді. Бірінші - бұл фискалдық ынталандыру, ол ғаламдық өсу және шикізат тауарларыныӊ бағасына қолдау әсерін тигізуге тиіс. Екіншісі - протекционизмніӊ жоғары ықтималдылығы, бұл дамушы нарықтардыӊ, атап айтқанда АҚШ-пен тауар айналымы жоғары нарықтардыӊ экономикаларына теріс әсер етуі мүмкін. Және үшінші - АҚШ долларыныӊ нығаю ықтималдылығы, бұл қарыз алу құнына теріс әсер етуі мүмкін. Мәселен, АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерініӊ көтерілуі маӊызды фактор болып табылады", - деп хабарлады Д. Ақышев, "Ұлттық Банк елдіӊ экономикалық даму барысына әлеуетті әсер етуі мүмкін оқиғаларды тұрақты зерттеп, талдайды", деп толықтыра отырып. Бұл Ұлттық Банктіӊ ақша-кредиттік реттеу саласындағы саясатына және сол сияқты алтынвалюта резервтерін басқару және мемлекеттіӊ халықаралық саладағы ұстанымын әзірлеу процестеріне қатысты, деп нақтылады ҚРҰБ басшысы.

"Сыртқы нарықтардағы ахуал бізге жағымды болды және оӊ үрдістерге ықпал етіп отыр. Мұнайдыӊ әлемдік бағасы салыстырмалы түрде тұрақтанды. Ресей экономикасы инфляция бірмезгілде төмендеген кезде оӊ өсуді көрсетіп отыр. Қытай экономикасы инфрақұрылымға инвестициялармен және тұрғын үй құрылысын кредиттеуменқолдау табатын орнықты дамуды көрсетуді жалғастырып отыр", - деді Д. Ақышев. - 3 жыл бәсеӊдегеннен кейін 2017 жылы ел экономикасы қалыпқа келудіӊ жақсы серпінін көрсетіп отыр. 1-тоқсанда ІЖӨ нақты көрсеткіште 3,4%-ға ұлғайды. Біздіӊ бағалауымызша, 2017 жылы экономикалық өсу қарқыны шамамен 3%-ды құрайды, ал 2018 жылы 3,5-4%-ға дейін жылдамдатылады. Өсудіӊ оӊ серпіні экономиканыӊ барлық негізгі салаларында күтілуде, оныӊ ішінде мұнайға жатпайтын сектор тарапынан да оӊ үлес ұлғаятын болады".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны