13.01.2010, 17:39 2942

ҚР Ұлттық банкінің болжамына сәйкес 2010 жылы инфляция 6 - 8% деңгейінде болмақ

ҚР Ұлттық банкінің болжамына сәйкес 2010 жылы инфляция 6 - 8% деңгейінде болмақ

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкінің болжамына сәйкес 2010 жылы инфляция 6 - 8% деңгейінде болмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің болжам - 6 - 8%. Бұған дейін бірнеше рет айтқан біздің орта мерзімдік болжамымыз - 5 - 8%", - деді Г. Марченко.

Оның айтуынша, 2009 жылы "инфляция анағұрлым төмендеді". "6,2% - 12-айлық инфляция деңгейі, ал жылдық орташа инфляция 7,3% болса, 2008 жылғы орташа инфляция 17% құрады. Яғни, 12-айлық инфляция 1,5 есе, орташа инфляция - 2 еседен аса төмендеді", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны