15.07.2015, 15:52 3699

ҚР Ұлттық банкініӊ мәліметінше қазақстандық банктердегі проблемалы несиелер деӊгейі жалпы төмендеген

банктеріндегі проблемалы несиелер үлесін орта есеппен алғанда 10%-ға төмендету мүмкін болды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан банктеріндегі проблемалы несиелер үлесін орта есеппен алғанда 10%-ға төмендету мүмкін болды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ негізгі банктеріміздіӊ біріне 250 млрд теӊге ұсынған Проблемалы несиелер қоры жұмысыныӊ арқасында 1 шілдеге қарай жалпы жүйе бойынша проблемалы несиелер деӊгейін шамамен 10%-ға төмендету мүмкін болды", - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, әр қазақстандық банктіӊ алдында аталған көрсеткішке 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін жету міндеті тұр. Ол егер жыл басында проблемалы несиелердіӊ үлесі 33%-ды құраса, маусымда бұл көрсеткіш 22%-ға дейін төмендегенін айтып өтті.

Бұдан өзге, Ұлттық банк басшысы қазақстандық банктерде өтімділік тапшылығыныӊ жоқ екенін айтты.

"Жалпы бүгінгі таӊда өтімділік тапшылығы жоқ деп есептейміз. Жағдай тұрақты. Ұлттық банк іс жүзінде банкаралық несиелеуге қатыспайды. Бүгінде мөлшерлеме 3-6% аралығында", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны