17.04.2015, 22:00 5366

ҚР Ұлттық Банкініӊ "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тыӊ жарғылық капиталыныӊ мөлшерін ұлғайту туралы ақпараттық хабарламасы

"Проблемалық кредиттер қоры" 130 млрд. теӊгені екінші деӊгейдегі банктерге ипотекалық қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру үшін береді.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық Банк "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тыӊ жарғылық капиталын 130 млрд. теӊгеге дейін ұлғайтты. Қорды үстеме капиталдандыру ҚР ҰБ Басқармасыныӊ шешіміне сәйкес Ұлттық Банктіӊ қаражаты есебінен жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Проблемалық кредиттер қоры" 130 млрд. теӊгені екінші деӊгейдегі банктерге ипотекалық қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру үшін береді.

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тыӊ жұмыс істеу тұжырымдамасына сәйкес, Қордыӊ банктермен ынтымақтастығы бағыттарыныӊ бірі проблемалық активтермен жұмыс бойынша іс-шаралардыӊ тиімділігіне жәрдемдесу үшін екінші деӊгейдегі банктерге ұзақмерзімді негізделген қаржыландыру беру болып табылады. Ипотекалық қарыз алушылардыӊ проблемаларын шешуге қаражат бөлу сондай-ақ Қордыӊ "жұмыс істемейтін" қарыздарыныӊ деӊгейін төмендету барысына тиімді үлесті қамтамасыз ету және банк жүйесіндегі активтердіӊ сапасын жақсарту жөніндегі негізгі міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны