10.06.2009, 12:00 1696

ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10 маусымнан бастап 8,5% құрайды

ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10 маусымнан бастап 8,5% құрайды

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10 маусымнан бастап 8,5% құрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы нарығындағы үрдістерді ж?не инфляцияның жылдық деңгейінің төмендеуін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2009 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 8,5% деңгейінде белгілеуді қаулы етті.

Еске сала кетейік, 2009 жылдғы 12 мамырдан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасы 9,0% болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны