11.12.2012, 17:13 3277

ҚР Ұлттық банкінің сайтында интернет-дүкен ашылды

Қазақстан теңге сарайы шығаратын коллекциялық монеталарды енді интернет-дүкен арқылы да сатып алуға болады. Ол банктің ғаламтордағы ww.nationalbank.kz. мекенжайы бойынша "Ұлттық валюта" бөлімінде орналасқан.

Алматы. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкінің сайтында интернет-дүкен ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан теңге сарайы шығаратын коллекциялық монеталарды енді интернет-дүкен арқылы да сатып алуға болады. Ол банктің ғаламтордағы ww.nationalbank.kz. мекенжайы бойынша "Ұлттық валюта" бөлімінде орналасқан. Интернет-дүкеннің интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Монеталарға тапсырыс беру, сату және жеткізу қағидаларымен танысып, сайтта тіркелгеннен кейін, "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы ақпаратты" алуға болады.

Монеталарды жеткізу Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша жүзеге асырылады. Жеткізу құны жеткізу аймағына және "Қазпошта" АҚ-ның белгіленген тарифтеріне сәйкес тапсырыстың жалпы салмағына қарай есептеледі. Ол "есіктен есікке" жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Тапсырысты жеткізудің бұл тәсілін "Қазпошта" АҚ-ның "EMS" курьерлік қызметі жүзеге асырады. Сонымен бірге, жеткізу құнына тауардың жарияланған құнынан 1 пайыз мөлшерінде сақтандыру ақысы үшін алынатын сома кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны