16.06.2017, 14:12 6639

ҚР Ұлттық Банкініӊ төрағасы АЭФ-2017 шеӊберінде AtamekenBusinesschannel, Euronews және CNBCArabia телеарналарына эксклюзивті сұхбат берді

Д. Ақышев Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты, қаржы реттеушісініӊ теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ өзгермелі режимі жағдайындағы стратегиясы, еліміздіӊ ақша нарығындағы, банк секторындағы ахуал және басқа да көптеген мәселелер туралы айтып берді.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan Today - "Жаӊа энергия - Жаӊа экономика" X Астана Экономикалық Форумы және "Астана ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ шеӊберінде ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанныӊ AtamekenBusinesschannel телеарнасына, еуропалық Euronews телеарнасына және CNBCArabia араб телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді.

Д. Ақышев Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты, қаржы реттеушісініӊ теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ өзгермелі режимі жағдайындағы стратегиясы, еліміздіӊ ақша нарығындағы, банк секторындағы ахуал және басқа да көптеген мәселелер туралы айтып берді.

"Бүгінгі Астана Экономикалық Форумыныӊ тақырыбы осы кездіӊ сын-қатерлерін көрсетеді және экономиканыӊ инклюзивті және орнықты өсуініӊ жаӊа үлгісін әзірлеу қажеттілігін туындатады. Қоршаған орта мен болашақ ұрпаққа қамқорлық жасаудыӊ деӊгейі емес, сапасы бүгінгі күнніӊ міндеті болу керек", -деп атап өтті AtamekenBusinesschannel берген сұхбатындаД.Ақышев. Оныӊ айтуынша, осы мақсатқа қол жеткізу үшін институционалдық және құрылымдық реформалардыӊ тұтас кешенін жүргізу қажет. Бұл экономиканы және экспорттыӊ құрылымын әртараптандыру; жоғары технологиялық салаларды дамыту; "жасыл" экономиканы қолдау; цифрлық экономиканы дамыту; адам капиталын дамыту.

"Ұлттық Банк қаржы жүйесін күшейтудіӊ және нығайтудыӊ өткір қажеттілігін түсіне отырып, өз тарапынан жақын арада "елдіӊ қаржы секторын "қайта жаӊғыртуға" кірісуді жоспарлап отыр. Бұған халықаралық қағидаттар мен практикаларды, қор нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамытудыӊ кешенді бағдарламасын әзірлеуді ескере отырып банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі кешенді шаралар кіреді. Осы шаралар сыртқы және сол сияқты ішкі инвесторлар үшін елдіӊ инвестициялық тартымдылығын арттырады және ұзақ мерзімді орнықты өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды", - деді ҚРҰБ Төрағасы.

Д. Ақышев Euronews телеарнасына берген сұхбатында "3 жылғы баяулаудан кейін 2017 жылы еліміздіӊ экономикасы қалыпқа келудіӊ жақсы серпінін көрсетті. 1-тоқсанда ІЖӨ нақты көрсеткіш бойынша 3,4%-ға ұлғайды. Біздіӊ бағалауымыз бойынша 2017 жылы экономикалық өсіу қарқыны шамамен 3% болады, ал 2018 жылы 3,5-4%-ға дейін үдейді. Экономиканыӊ барлық негізгі салаларында өсудіӊ оӊ серпіні күтілуде, оныӊ ішінде мұнайға жатпайтын сектор тарапынан оӊ үлес ұлғаятын болады", - деп хабарлады.

"Қазақстан Ұлттық Банкі ел экономикасындағы ахуалды, оныӊ ішінде экономикалық өсім жөніндегі деректерді жіті қадағалауда. Осыған байланысты мынадай қорытынды жасауға болады - ұзақ мерзімді экономикалық өсуге әсер ететін баға тұрақтылығы біздіӊ басымдық берілген міндетіміз болып табылады", - деді ол CNBC Arabia арнасына берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны