28.12.2016, 17:59 4143

ҚР Ұлттық Банкініӊ төрағасы борышкерлердіӊ құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді

Д. Ақышев атап өткендей, заӊ жобасы борышкердіӊ әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды болжайды. "Борышкер өзініӊ кредиторымен, коллекторлық агенттікпен жеке байланыс жасауға тиіс", - деп атап өтті.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы заӊ жобасында коллекторлық агенттіктіӊ борышкермен өзара іс-әрекет ету әдісініӊ нақты тізбесі айқындалған. Аталған тізбеніӊ шегінен шығатын іс-әрекеттерге тыйым салынады, ал оларды жасау әкімшілік және қылмыстық тәртіпте қатаӊ жазаланады. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында "Коллекторлық қызмет туралы" Заӊныӊ жобасын қарау барысында ҚР Ұлттық Банкініӊ төрағасы Д. Ақышев айтып берді.

"Коллекторларды міндетті түрде тіркеуді және Ұлттық Банк тарапынан кейіннен қадағалауды аса маӊызды деп санаймыз.Тиісінше, қарыз алушылардыӊ коллекторлардыӊ заӊсыз іс-қимылдарына арыздары Ұлттық Банктіӊ бақылауында болады", - деп атап өтті Ұлттық Банктіӊ басшысы. Оныӊ айтуынша, Ұлттық Банктіӊ қарыз алушылардыӊ өтініштеріне шұғыл ден қою үшін қажетті қаржылық және адами ресурстары бар.

Д. Ақышев қарыз алушылармен тек мінсіз беделі бар адамдарды ғана өзара іс-әрекет етуге жіберуге мүмкіндік беретін меншіктік пен басқарудыӊ айқын құрылымы коллекторлық ұйымдар адалдығыныӊ маӊызды талабы болып табылатындығын атап өтті.Ал сотқа дейінгі медиация тетігі ретіндегі коллекторлық қызметтіӊ ресми мәртебесін енгізу және реттеу коллекторлардыӊ қалыптасқан жағымсыз бейнесін өзгерте алады.

ҚРҰБ Төрағасы заӊ жобасы коллекторлық агенттік пен борышкердіӊ өзара іс-әрекеттесуініӊ толық тәртібі мен қағидаларын белгілегенін атап өтті. "Тікелей шектеулер қарастырылып отыр. Бір күн ішінде 1-ден артық жеке байланысу және 3-тен артық телефон арқылы келіссөздер жүргізуге рұқсат етілмейді, ал өзара іс-әрекеттесу уақытын борышкердіӊ өзі таӊдайды. Кез келген жеке байланыстарға мереке күндері тыйым салынады, ал демалыс күндері өзара іс-әрекеттесу жұмыс күндерімен салыстырғанда 6 сағаттан қысқа уақытқа белгіленетін болады", - деді ол.

Заӊ жобасы коллекторлық агенттіктерді борышкермен келіссөздердіӊ аудио-және бейнежазбасын жүргізуге және дербес ақпараттыӊ сақталуын қамтамасыз етуге міндеттейді.

Д. Ақышев атап өткендей, заӊ жобасы борышкердіӊ әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды болжайды. "Борышкер өзініӊ кредиторымен, коллекторлық агенттікпен жеке байланыс жасауға тиіс", - деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны