04.06.2007, 16:17 2995

ҚР Ұлттық ядролық орталығы шағын қалаларда АЭС салу бағдарламасының жобасын жасауда

АЛМАТЫ. 4-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Ұлттық ядролық орталығы шағын қалаларда АЭС салу бағдарламасының жобасын жасауда. Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадыржанов бүгін "Ядролық және радиациялық физика" атты ҮІ халықаралық конференцияның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстанның шағын қалаларын қуаты 50-100 мегаваттық атом электр станцияларымен қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама ұсындық. Шағын қалаларға тұрғындар саны 50 мың адамға жетпейтін қалалар жатады. Олардың саны қазір 60. Соның ішінде 20 қалада тиісті қуаттағы станция салуға болатындай оңтайлы экономикалық ахуал байқалады",- деді Қ.Қадыржанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны