31.08.2010, 15:10 7840

ҚР Ұлттық қорынан жыл сайын бөлінетін трансферт көлемі алдағы үш жылға 1,2 триллион теңге деңгейінде бекітілді

ҚР Ұлттық қорынан жыл сайын бөлінетін трансферт көлемі алдағы үш жылға 1,2 триллион теңге деңгейінде бекітілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында "2011-2015 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттер туралы" туралы заң жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық қорынан жыл сайын бөлінетін трансферт көлемі алдағы үш жылға 1,2 триллион теңге деңгейінде бекітілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында "2011-2015 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттер туралы" туралы заң жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бір АҚШ долларының нарықтағы курсы 150 теңге екендігін ескере отырып кепілдік трансферт көлемі 1 трлн 200 млрд теңге көлемінде белгіленді",- деді Ж. Айтжанова.

Ал 2010 жылдың трансферттерін аудару кезінде жылдың аяғындағы ішкі жалпы өнім көлемінің есебінен 20 пайыздық қалдықты қалдыру қарастырылған. Болжам бойынша, 2011 жылы бұл көрстекіш 24,5 пайызға тең болмақ. "Жалпы, 2010 жылдың тамыздың 1-і күнгі есепке сәйкес Ұлттық қордағы қаржының көлемі 4500 млрд. теңгені құрады", - деді Ж.Айтжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны