19.02.2015, 18:02 4820

ҚР Ұлттық қорыныӊ мақсатты трансферті 76 млрд теӊгеге ұлғайды - Қаржы министрлігі

ҚР Ұлттық қорыныӊ мақсатты трансферті 76 млрд теӊгеге ұлғайды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заӊына өзгерістер енгізу" заӊ жобасыныӊ таныстырылымында

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық қорыныӊ мақсатты трансферті 76 млрд теӊгеге ұлғайды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заӊына өзгерістер енгізу" заӊ жобасыныӊ таныстырылымында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылға арналған бюджетті нақтылау 2014 жылдыӊ қорытындысынан шығып отыр, осы жылдыӊ макроэкономикалық көрсеткіштерініӊ жоспары мен әлеуметтік-экономикалық және қаржылық тұрақтылықты әлемдік нарықтарда қамтамасыз ету", - деді Б.Сұлтанов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Нақтылау шығындарды 686,7 млрд теӊгеге жүйелендіріп бюджет дефицитініӊ 259,4 млрд теӊгеге ұлғаюын қарастырады", - деді министр.

Ұлттық қордыӊ кепілділендірілген трансферті нақтыланған деӊгейі 1 трлн 702 млрд теӊгені құрайды. Ұлттық қордыӊ мақсатты трансферті 76 млрд теӊгеге көтерілді, "Нұрлы жол" бағдарламасы енгізген түзетуден кейін 783,5 млрд-ты құрады.

Шығындарды жүйелендірудіӊ негізгі бағыты - 2015 жылы жүзеге асырылатын жаӊа жобалар мен бағдарламалар, оныӊ орындалуы 2016 жылға шегерілді.

Сондай-ақ, нақтыланған бюджет "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына да өзгерістер енгізеді. Бұл үдеріс Мемлекет басшыныӊ осы жылдыӊ 11 ақпанында Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны