03.05.2007, 16:22 2955

ҚР Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы сома 2007 жылғы мамырда 142,5 млрд. теңге болды

АЛМАТЫ. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шоттарындағы конвертациялауға жататын ұлттық валютадағы сома 2007 жылғы мамырда 142,5 млрд. теңге болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қордың активтерін конвертациялау және қайта конвертациялау ережесіне сәйкес Ұлттық банк Қордың ақшасын одан әрі инвестициялау мақсатында 2007 жылғы мамырдың ішінде осы соманы рұқсат етілген құралдарға конвертациялауды жүзеге асырады. Конвертация Ұлттық банктің шетел валютасындағы алтын-валюта активтерінен немесе шетел валютасындағы қаржы құралдарынан Ұлттық банктің операция жүргізілген немесе операция жүргізу сәтінде қалыптасқан бағам бойынша ішкі валюта нарығында теңгемен шетел валютасын сатып алу күнгі ресми бағамы бойынша сату арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте Қорға теңгемен түскен түсімдер Қордың кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлеміне сәйкес ағымдағы айдың соңында немесе келесі айдың басында жүзеге асырылатын кепілдік берілген трансферттер түріндегі шығыстары үшін жеткілікті соманы жинақтағанға дейін бір айдың ішінде конвертацияланбайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны