29.07.2008, 14:38 2634

ҚР вице-премьері "Алатау" ақпараттық технологиялар саябағы Еркін экономикалық аймағын басқаруға шетелдік әріптестерді тарту қажет деп санайды

ҚР вице-премьері "Алатау" ақпараттық технологиялар саябағы Еркін экономикалық аймағын басқаруға шетелдік әріптестерді тарту қажет деп санайды

Астана. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев Алматы облысындағы "Алатау" ақпараттық технологиялар саябағы Еркін экономикалық аймағын басқаруға шетелдік әріптестерді тарту қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің отрысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осындай еркін экономикалық аймақ құрудан тәжірибесі бар шетелдік әріптестерді шақыру қажет. Дубаида жасалатын секілді, инфрақұрылым дайындалатын, сыртқы желілер тартылатын, әлемдік стандарттар деңгейіндегі жоғарғы технологияға қатысты талаптар айқындалатын кезде оны оларға басқаруға беру керек", - деді Ө.Шүкеев.

"Сонда ғана мемлекеттен ешбір қаражат қажет болмайды. Ал оны инвесторды тауап әкелетін халықаралық компания ғана жасай алады", - деді ол.

Оны республиканың үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қолдады. "Сіз еркін экономикалық аймақты басқару жөнінде дұрыс мәселе көтеріп отырсыз. Бізде ол бір де еркін экономикалық аймақта жолға қойылған жоқ. Халықаралық сараптама жетпегендіктен, бізде сұрақ туындайды", -деді Кәрім Мәсімов. "Онда Ақпараттық технологиялар саябағы мен басқа да осы тектес жобалар бойынша осындай шешім қабылдайық. Ақпараттық технологиялар саябағынан бастайық", - деді ол.

Сонымен бірге вице-премьер "Алатау" ақпараттық технологиялар саябағы Еркін экономикалық аймағында энергиямен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешу қажет екендігін мәлімдеді. "Энергиямен қамтамасыз ету мәселесі онда мүлдем ойластырылмаған. Онда бірнеше кәсіпорын аяқталуға жақын. Мәселен, мониторларлды құрастыру жөніндегі "Глотур" зауытының құрылысы қазан айында аяқталады. Бірақ энергиясы жоқ, оны қайдан алатынын да білмейді, қала оны қайдан аларын білмейді", -деді Ө. Шүкеев.

Осыған байланысты ол "еркін экономикалық аймақ үшін жеке подстанция салу жөніндегі 16 млрд теңгені қажет ететін ауқымды бағдарламаны қолдау қажет", деп санайды. Алайда, вице-премьердің пайымдауынша, бұл құрылыстың мәселесін тек алдағы үш жылдық бюджеттің шеңберінде ғана шешуге болады. "Ал мына энергия қамтамасыздығына қатысты мәселені шұғыл түрде алты айдың ішінде шешу керек. Қала онда құны 2 млрд теңге тұратын блокты подстанция қоюды ұсынуда. Біз шешім қабылдап, 6 зауыттың жұмыс істеуі үшін және қандайда бір энергиясы болуы үшін осы уақытша үлгіні қолдауымыз қажет", -деді Ө. Шүкеев.

Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осы 2 млрд теңгені бөлу жөніндегі шешімді 1-2 тамызда өзінің Алматы облысына сапары кезінде қабылдауды ұсынды. "Экономика министрлігіне мен ЕЭА бойынша таяу жылдарда қанша қаражат керек екендігі жөніндегі мәселені республикалық бюджеттік комиссияға шығаруды, ал индустрия және сауда министрлігі мен қаржы министрлігіне өндірісті іске қосу үшін қажет қаржының мәселесін айқындауды тапсырамын. Резервтен қанша қаржы қажет екенін туралы жұма күні шешім қабылдау үшін бәрін есептеңіздер", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны