30.12.2008, 16:03 2931

ҚР Жоғарғы соты "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ын нарықта басымдыққа ие компаниялардың реестріне енгізу қажеттігін растады - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

ҚР Жоғарғы соты "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ын нарықта басымдыққа ие компаниялардың реестріне енгізу қажеттігін растады - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- ҚР Жоғарғы соты "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ын тиісті тауар нарығында басымдыққа ие (монополиялық ахуалға ие) субьектілердің мемлекеттік реестріне енгізу қажеттігін растады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 желтоқсанда ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының отырысы өтіп, онда ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Астана қалалық сотының судьясы Г.Жүсіпбекованың шешіміне қатысты апелляциялық шағымы қаралды. Жоғарғы сот Астана қалалық сотының соты "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ның талаптарын қанағаттандыру жөніндегі шешімінің күшін жойды. Компания сотта ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2008 жылдың 8 тамызындағы №196-ОД шешіміне қарсы шағымданған болатын. Бұл шешімде "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-ын тиісті тауар нарығында басымдыққа ие (монополиялық ахуалға ие) субьектілердің мемлекеттік реестріне енгізу қарастырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны