Система Orphus

ҚР-да 180 колледж 2100 кәсіпкерліктің қатысуымен дуалды оқу жүйесін енгізеді - Қ. Бөрібеков

07.02.2014, 18:46 4978

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда 180 колледж 2100 кәсіпкерліктің қатысуымен дуалды оқу жүйесін енгізеді.Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында кәсіптік және техникалық білім беру департаментінің директоры Қыдырбек Бөрібеков мәлімдеді.

"Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында дуалды білім берудің ядросын құру тапсырмасы берілген болатын. Жалпы, дуалды оқыту - бұл оқыту-өндірістік үрдіс, білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Оған мемлекет, талапкер және бизнес тікелей қатысады", - деді Қ. Бөрібаев.

Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры айтқандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы Германияның канцлерімен кездесуден кейін берілді.

"Дуалды жүйені енгізу кәсіпкерліктер мен олардың белсенділік танытуынан байланысты. Студенттердің біліктілігі кәсіпкерлік аясында өндірістік тәжірибеден өту болып табылады. Бұл теориялық білімді нығайтуға септігін тигізеді және өте қажет болып есептеледі",- деді ол.

Мұндай жүйе нарықтық экономика кезеңінде жаңа тәсәлдерді қажет етеді.

"Осыған байланысты, біз Елбасының тапсырмасы аясында нормативтік-құқықтық базаны жаңарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта министрлік қолданыстағы заңға екі жақты оқыту түсінігін енгізуді ұсынуда", - деп Қ.Бөрібеков өз ойын толықтырды.

Оның үстіне, ол БҒМ-гі ЕХИҚМ-мен және жергілікті орындаушы органдарымен бірлесе екі жақты оқытуды қажет ететін мамандықтар тізімін жасақтады.

"Қазіргі таңда екі жылдың тәжірибесінің нәтижесінде, еліміздегі 176 колледж 2100-ден астам кәсіпорындармен келісім шарт негізінде екі жақты оқудың негізгі принціптерін енгізе бастады. Бірінші кезекте келісімде екі жақты оқыту бойынша "Самұрық- Қазына" ҰҚ мен ҰКП бірлесіп жасаған әдістемесі көрсетілген. Сонымен қатар, келісім аясында кәсіпорын студентке іс-тәжірибеден өтуге жұмыс орнын беруге міндетті", - деп ол атап өтті.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны