01.03.2013, 16:28 3490

ҚР-да 2013 жылдың ақпанында инфляция 1%-ды құрады

"Республикада ағымдағы 2013 жылдың ақпан айында инфляция 1%-ды құрады. Өткен айға азық-түлік тауарларының бағасы 0,4%-ға, азық-түліктік емес - 0,2%, ақылы қызмет көрсетулер - 2,6%-ға артқан",- деп хабарланған агенттік мәлімдемесінде.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы 2013 жылдың ақпанында республикадағы инфляция 1%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Республикада ағымдағы 2013 жылдың ақпан айында инфляция 1%-ды құрады. Өткен айға азық-түлік тауарларының бағасы 0,4%-ға, азық-түліктік емес - 0,2%, ақылы қызмет көрсетулер - 2,6%-ға артқан",- деп хабарланған агенттік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, өткен айда баға өсімі картопқа 2,9%, жаңа жиналған жемістер және көкөністерге - 1,6%, макарон өнімдеріне - 1,4%, ұн, қышқыл сүт өнімдеріне - 1,1%-дан, шайға - 0,8%, пастерленген сүтке, күнбағыс майына - 0,7%-дан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,5%, сары майға - 0,4%, жұмыртқаға - 0,2%-ға өсуі белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармаға, қантқа 0,5%-дан, сиыр етіне - 0,2%-ға тіркелді.

Сондай-ақ, үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш өнімдеріне, киім және аяқ киімге, фармацевтикалық өнімдерге, жеке күтімге арналған тауарларға, қатты отынға бағалардың артуы байқалған.

Қызмет көрсетулер саласында баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 1,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне - 0,9%, мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне - 0,4%-ға өсті, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 2,9%-ға төмендеді. Телефон үшін абоненттік төлем 20%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 26,6%, кәрізге - 15,1%, электр энергиясына - 1,7%, орталықтан жылытуға - 0,6%, ыстық суға - 0,5%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,3%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны