14.02.2013, 12:19 3126

ҚР-да 2013 жылдың қаңтар айына жаңа тұрғын үйдің бағасы 13%-ға өсті

Қазақстанда бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің бағасы ағымдағы жылдың қаңтар айында 13,1%-ға өсті, қайталама нарықта 17,8%-ға өсуі белгіленген, деді ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР-да 2013 жылдың қаңтар айына жаңа тұрғын үйдің бағасы 13%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің бағасы ағымдағы жылдың қаңтар айында 13,1%-ға өсті, қайталама нарықта 17,8%-ға өсуі белгіленген, деді ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

"Еліміздегі ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңа тұрғын үй бағалары 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13,1%-ға өсті, ал қайталама нарықта бағалар 17,8%-ға өсті ", - деді А.Смайылов.

Сонымен бірге, жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен алғанда 172 мың теңгені құрады. Алайда, Статистика агенттігінің басшысы бағалар өңірлерге байланысты түрленетінін атап өтті. Мысалға, Астанада шаршы метрдің бағасы 217 мың теңге, Алматыда - 245 мың теңге, ал Қызылордада ең төменгі баға - бір шаршы метрге 92 мың теңге белгіленген.

Жалпы алғанда статистика ведомствосының мәліметінше республикадағы 2013 жылдың алғашқы айында тіркелген сатып алу-сату келісімдерінің саны 11 607 құрады және алдыңғы аймен саылстырғанда 5,3%-ға азайды, бірақ өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17,3%-ға артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны