15.01.2014, 19:31 5505

ҚР-да 2013 жылдың желтоқсанында орташа айлық жалақы 137 мың теңгені құрады

"Еңбек ақысы барлық төлемдерден тұрады, оның ішінде сыйақы мен қосымша төлемдер де кіреді. 2012 жылдың желтоқсан айының көрсеткішімен салыстырғанда өсу деңгейі 7,6 пайызды құрап, таза өсім 2,6 пайызға тең болды", - деді А. Смайылов.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың желтоқсанында еңбекақы құны 137 043 мың теңгені құрады. Бұл туралы 2013 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысының брифингінде ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Алихан Смайылов хабарлады.

"Еңбек ақысы барлық төлемдерден тұрады, оның ішінде сыйақы мен қосымша төлемдер де кіреді. 2012 жылдың желтоқсан айының көрсеткішімен салыстырғанда өсу деңгейі 7,6 пайызды құрап, таза өсім 2,6 пайызға тең болды", - деді А. Смайылов.

Айта кетерлігі, 2013 жылдың қарашасындағы орташа айдың жалақысы 56324 теңгені құрады. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, 2013 жылы жұмыссыздардың саны 466 мың адамды құрады. Бұл экономикалық белсенді халықтың 5,2 пайызын құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны