10.02.2014, 19:20 3321

ҚР-да 2013 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында тұрғындардың 62% жұмысқа орналасты - Т.Дүйсенова

"Бағдарламаны жүзеге асыру жылдары ішінде 267 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 83 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 168 мыңы жұмыссыздар, 16 мыңы тұрмысы төмен отбасынан шыққандар және 1 мыңнан астамы жалшылар", - деді Т.Дүйсенова.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында екі қолға бір күрек іздеп келгендердің 62% жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы ҚР БҒМ өткен алқа отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.

"Бағдарламаны жүзеге асыру жылдары ішінде 267 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 83 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 168 мыңы жұмыссыздар, 16 мыңы тұрмысы төмен отбасынан шыққандар және 1 мыңнан астамы жалшылар", - деді Т.Дүйсенова.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда жалдаңбалы жұмысшылардың саны 2,5%-ға артып, 165 мың адамды құрады.

"Тағы бір есте қаларлық сәт, 2013 жұмыспен қамтылғандарды ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 30%-ға төмендеді. Егер осыған дейін біз екі қолға бір күрек іздеп келгендердің 40%-дан астамын жұмысқа орналастырсақ, есептік кезеңде ол 62%-ға жетті. Бұл өткен жылдың басты көрсеткіші", - деп министр өз ойын толықтырды.

Т.Дүйсенованың хабарлауынша, өткен жылдармен салыстырғанда өндіру өнеркәсібі саласында жұмыспен қамту өсімі байқалды.

"Есептік кезеңде өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында жұмыспен қамту артты. Сонымен қатар жұмыспен қамтылғандар қатарында жастардың үлесі көбейді", - деді министр сөз соңында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны