14.01.2014, 19:36 4385

ҚР-да 2014 жылдың 1 сәуірінде 11 млрд теңгелік тұрғын үй құрылысының жобалары пайда болады

2014 жылдың 1 сәуірінде "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ тұрғын үй құрылысы бойынша көлемі 104 мың шаршы метрге тең жаңа жобалармен толығады, оның құны 11 млрд теңге. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында ұйымның төрағасы Сағындық Құсайынов хабарлады.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 1 сәуірінде "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ тұрғын үй құрылысы бойынша көлемі 104 мың шаршы метрге тең жаңа жобалармен толығады, оның құны 11 млрд теңге. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында ұйымның төрағасы Сағындық Құсайынов хабарлады.

"Корпорация Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында құрылыс жұмыстарын жүргізуде, олардың құны 8 млрд теңге және ауқымы 82 шаршы метрге тең. Қорытындысында, корпорация портфелі 285 мың шаршы метрді құрайды. Ол 2015 жылға қарай 29 млрд теңгеге тең болады". - деді С. Құсайынов.

Сондай-ақ, ол республикада 2014 жылдың 14 қаңтарына тұрғын үй құрылысына 132 га жер учаскесі бөлінгендігін атап өтті. Астана, Алматы, Петропавлоск, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе қалаларында құрылыстың негізіне орай жер бөлінді.

"Корпорация 2014 жылдың 1 қаңтарына сәйкес мемлекеттік сараптамадан өткен жобаларға ие. Олардың құрылыстық-сметалық жұмысы 10,5 млрд теңгені құрайды, бұл қаржыға 100 мың шаршы метр құрылысты жүзеге асыру жоспарланған", - деді "ҚИК" АҚ басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, жақын арада 72 мың шаршы метр 8 млрд теңгеге келісілген Астана, Павлодар, Орал мен Ақтөбе қалаларындағы кешенді үрдістерді аяқтау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны