09.01.2014, 20:43 2934

ҚР-да 2014 жылы технологияларды коммерциаландыруға арналған гранттар бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау басталды

Технологияларды комерциаландыру орталығы 2014 жылы технологияларды коммерциаландыруға арналған гранттар бағдарламасына қатысуға өтініштерді 10 қаңтарда қабылдайды, деп орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Технологияларды комерциаландыру орталығы 2014 жылы технологияларды коммерциаландыруға арналған гранттар бағдарламасына қатысуға өтініштерді 10 қаңтарда қабылдайды, деп орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

"Бағдарлама мақсаты - өтініш берушілердің идеяларының коммерциялық құндылығын анықтау, технологияларды лицензиалау мақсатында оларды қаржыландыру, старт-ап компанияларды құру және/немесе озық халықаралық тәжірибені ескере отырып жоғары технологиялық өнімді сату мақсатында қаржыландыру", - делінген хабарламада.

Грант бағдарламасын іске асыру гранттың 2 түріне бөлінеді: - тұжырымдаманы негіздеу - 150 мың АҚШ долларына және 6 ай мерзімге дейін; - өнімнің өнеркәсіптік үлгісін әзірлеу-500 мың АҚШ долларына және 2 жыл мерзімге дейін.

Берілген бағдарламаның ерекшелігі, ТКО қызметкерлерімен грантты алатындарды тәжірибелік қолдау жүйесі енгізілетін болады. Ир жоба үшін технологияларды нарыққа жылжыту бойынша қазақстандық-америка командасының мамандары бөлінетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны